KSN прокси-серверінің өнімділігін тексеру нәтижелері

Егер сіздің корпоративтік желіңізде көптеген клиент құрылғылары болса және олар Басқару серверін KSN прокси-сервері ретінде пайдаланса, Басқару сервері клиент құрылғыларынан келген сұрауларды өңдеу үшін белгілі бір аппараттық талаптарды қанағаттандыруы керек. KSN прокси-сервері қызметінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін желідегі Басқару серверінің жүктелуін бағалау және аппараттық ресурстарды жоспарлау үшін төмендегі тестілеу нәтижелерін пайдалануға болады.

Төмендегі кестеде Басқару сервері мен SQL Server серверінің аппараттық конфигурациясы берілген. Бұл конфигурация тестілеу үшін пайдаланылды.

Басқару серверінің аппараттық конфигурациясы

 

Параметр

Мән

Процессор

Intel Xeon CPU E5450, тактілік жиілігі 3,00 ГГц, 2 сокет, 8 ядро, 16 логикалық процессор

ЖЖҚ

32 ГБ

Операциялық жүйе

Microsoft Windows Server 2016 Standard

SQL Server аппараттық конфигурациясы

 

Параметр

Мән

Процессор

Intel Xeon CPU E5450, тактілік жиілігі 3,00 ГГц, 2 сокет, 8 ядро, 16 логикалық процессор

ЖЖҚ

32 ГБ

Операциялық жүйе

Microsoft Windows Server 2019 Standard

Төмендегі кестеде тестілеу нәтижелері келтірілген.

KSN прокси-серверінің өнімділігін тексерудің жалпылама нәтижелері

 

Параметр

Мән

Секундына өңделген сұраулардың максималды саны

4914

Орталық процессорды барынша пайдалану

36%

Басына оралу